Кәсібін қайта бастағысы келгендер "InfoKazakhstan" арқылы өтініш беру керек

779

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тексеру жүргізіп, комиссияның оң қорытындысы шыққаннан кейін жұмысты қайта бастауға электронды рұқсат беріледі.

Кәсібін қайта бастағысы келгендер "InfoKazakhstan" арқылы өтініш беру керек

Атыраулық кәсіпкерлер карантиннен кейін жұмысын бастау үшін "InfoKazakhstan" электронды платформасы арқылы өтініш беруге тиіс. 

"Info Kazakhstan" электронды платформасы кәсіпкерлік қызметті қайта  жандандыру мақсатында іске қосылып отыр. Платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті қайта бастауға өтініш бере алады. Өтініш бергеннен кейін құрамына әкімдік, СЭС қызметкерлері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және қоғам өкілдері кіретін мониторинг тобы кәсіпкерлік қызмет объектісіне жіберіледі. Олар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тексеру жүргізіп, комиссияның оң қорытындысы шыққаннан кейін жұмысты қайта бастауға электронды рұқсат беріледі",– дейді "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Атырау облысы бойынша  директоры Абдулла Идресов.

Ол, сондай-ақ, платформаға тіркелу үшін төрт қадамнан өту керектігін атап өтіп, олардың әрқайсысын жете түсіндіріп өтті. Белгілі болғандай, Info Kazakhstan электрондық платформасы карантин режимінде бизнес жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамдық бақылау қызметін атқаруға да қабілетті екен. Нақтырақ айтсақ, әрбір азамат кәсіпорындардың санитарлық нормаларды бұзғаны туралы шағым беріп, кәсіпкерлер жеке кабинетінде қалдырған өтініштерінің статусын бақылап, электронды өтінішті, азаматтардың ұсыныстары мен шағымдарын көре алады.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу