Қасиетті қазақ жері көптеген этностың сүйікті Отанына айналды

259

Ел тұрғындары үшін 1 мамыр мерекесінің мәні зор. 

Қасиетті қазақ жері көптеген этностың сүйікті Отанына айналды Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қадірлі отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз үшін бұл мерекенің мәні зор. Қасиетті қазақ жері көптеген этностың тағдырын тоғыстырып, сүйікті Отанына айналды. Бүгінде бәріміз біртұтас ұлт болып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешудеміз. Бұл – біздің басты жетістігіміз. Береке-бірліктің арқасында біз биік белестерді бірге бағындырдық. Достық пен ынтымақ тіреуіміз болып,біраз сынақтан сүрінбей өттік. Әсіресе, соңғы жылдары оңай болған жоқ. Соның ішінде биылғы алапат су тасқынын ұлт болып жұмыла еңсеріп жатырмыз. Татулық пен тұрақтылықты ту етіп, әлі талай асулардан асамыз", - делінген құттықтауда.

Ерлан Қошанов осы құндылықтарды қадірлей білуіміз керек екенін баса айтты. 

"Бұл құндылықтар – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағдарының негізгі өзегі. Біздің жолымыз айқын. Ол – бірлігімізді бекемдеу, ынтымағымызды арттыру, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету, жасампаз ел болу, Әділетті Қазақстан құру. Осы биік мақсаттарға ел болып, Президентімізбен бірге қол жеткізейік. Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!", - деді Мәжіліс спикері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу