Кәсіп ашқысы келетін жаңаөзендіктерге 1 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі

1495

Кәсіп ашқысы келетін жаңаөзендіктерге 1 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі

Маңғыстау облысында орта және шағын бизнесті қолдауға бағытталған бірегей жобаның тұсауы кесілді. Жаңа кәсіп ашқысы келетін Жаңаөзен қаласының тұрғындарына 1 пайызбен жеңілдетілген несие берілетін болды, деп хабарлайды khabar.kz.
Мұндай жоба елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Бағдарлама жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті әкімдіктерге беретін қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ. Яғни мемлекет қазынасынан бір тиын да жұмсалмайды. Пайыздық мөлшерлеме "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында субсидияланбақ. Кәсіпкерлер алған несиесінің 1 пайызын ғана төлейді. 1 млрд теңгеден астам қаржы алдағы айдан бастап жобаға қатысушыларға үлестіріледі. 
"Осы меморандум шеңберінде Жаңаөзен қаласында сол жердегі кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен қаржыландырудың арнайы бағдарламасы жүзеге асырылатын болады. Бір кәсіпкерге 60 млн теңге көлемінде 7 жылға дейін тек қана инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлер бағдарламаға қатыса алады", - дейді қаржы институтының өкілі Берік Нұрғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу