Кәсіп ашқысы келген студенттерге несие беріледі

1427

Кәсіп ашқысы келген студенттерге несие беріледі

Бұдан былай студенттерге де несие алуға құқық беріледі. Тек үстеме пайызы бар қарызды алу үшін жастардың жеке бизнес ашуға талабы мен сәтті жобасы болуы шарт, деп хабарлайды Atameken TV.

Қарағандыда өткен "Атамекен" КҰП аймақтық кеңесінің отырысында Тимур Құлыбаев осындай мәлімдеме жасады. "Жас бауынның идеясы тың" деген төралқа төрағасы мемлекет тарапынан да қолдаудың еселенетінін жеткізді. Сондай-ақ, таяуда палата өкілдері елдегі жоғарғы оқу орындарындағы кадрлық даярлыққа да сараптама жүргізіп шықпақ.

Бүгінде Қазақстанда 130 білім беру ошағы бар. Онда 2 мың мамандық бойынша оқытылады. Дегенмен, тәлімгерлердің дені дипломмен жұмыс істемейді. Сондықтан жастайынан бизнеске келуі дұрыс болмақ дейді "Атамекен" КҰП төралқа төрағасы.

"Біз студенттер үшін жұмыс істейтін арнайы шағын несиелеу ұйымдарын ашпақпыз. Мақсат – жеке бизнесін ашуға мүмкіндік беру. Яғни, кадр дайындауды нысанаға алып отырмыз. Бұл адами капиталды мен аймақтық дамуды жетілдіруге жәрдем болатын құрал. Ең бастысы, қажеттілік бар", - деді Тимур Құлыбаев.

Қарағандыға жұмыс сапармен келген "Атамекен" төралқасының төрағасы мұндағы Литейн машина жасау зауыты мен аллергиялық орталықтың жұмысымен танысты. Медициналық жоба мемлекеттік-жеке серіктестік аясында қолға алынған. Болашақта орталық ғылыми зерттеулермен де айналысуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу