Кәсіп иелерін тексеру екі есе азаяды

318

Жыл соңына дейін тағы мыңға жуық міндетеме қысқарады.

Кәсіп иелерін тексеру екі есе азаяды Фото: Inbusiness.kz

Қазірдің өзінде заңнамалық тәртіп жеңілдеп, 9 мыңнан аса талап алынып тасталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл соңына дейін тағы мыңға жуық міндетеме қысқарады. Бұл жайлы Сенат депутаты Сұлтанбек Мекежанов мәлімдеді. Оның айтуынша, елде қабылданатын жаңа Салық кодексі аясында салық төлемі 20%-ке дейін азаяды. Сондай-ақ мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету де жоспарланып отыр. Соған байланысты жекешелендіру жұмысы қарқын ала бастады.

"2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін төмендетуге ұсынылып  отыр. Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 380 нысан іске асырылды, 64 нысан тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр. Жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр, оның шеңберінде салық төлеушіге бағдарланған әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілетін болады. Салық есептілігі 30%-ке, ал салық төлемдері 20%-ке қысқарады", - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу