Кәсіпкер әйелдерді қолдауға 16,9 млн доллар бөлінді

268

ЕҚДБ бағдарламасы арқылы кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін Үкіметтен 2015-2025 жылдарға 17 млн долларға жуық қаржы бөлінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кәсіпкер әйелдерді қолдауға 16,9 млн доллар бөлінді Фото: canva.com

Бұл туралы баспасөз мәслихат барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту жобасының маманы Махаббат Кабираева айтты.

Оның сөзінше, Үкімет Қазақстандағы шағын және орта бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Бизнестегі арулар бизнес-идеяларын жүзеге асыру, компаниясын дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашу үшін берілген мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып жатыр.

Одан бөлек, ЕҚДБ мен Қазақстан Үкіметінің "Микробизнестегі әйелдер" жобасы кәсіпкер әйелдерге бизнесті басқару және нарықтағы табысты бәсекеге жету үшін кәсіби машықтануға мүмкіндік береді.

"Шағын және орта бизнеспен айналысатын қазақстандық әйелдердің білімін жетілдірі үшін Үкіметтен 2015-2025 жылға 16,9 млн доллар бөлінді. Бұл жұмыс істеп тұрған кіші бизнестегі қыз- келіншектерге арналған оқу бағдарламасы. Өйткені, кейбір кәсіпкер әйелдер белгілі бір ресурстардың шектелуіне байланысты, проблемаларға тап болып жатады", – деді Махаббат Кабираева.

Ол кәсіпкерлікке жаңадан келген қыз-келіншектер қандай проблемаға жиі ұшырайтынын айтты.

"Бизнес саласына жаңадан аяқ басқан әйелдер көбіне қаржы басқару, маман таңдау және қол астындағы қызметкерлермен тіл табысу бойынша қиындықтарға тап болады. Міне, "Микробизнестегі әйелдер" жобасы осындай түйіткіл дүниенің шешімін тауып береді", – дейді маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу