Кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетіледі

1451

Кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетіледі

Қазақстандағы кәсіпкерлерді қолдау үшін сырттан 550 миллион доллар инвестиция тартылса, соның 33 пайызы нәзік жандылардың үлесінде. Ал жалпы бизнес бастаймын деген 21 мыңнан астам аруға 351 миллиард теңге көлемінде несие беріліпті. Бұл туралы бүгін Еуразиялық әйелдер бизнес форумында мәлім болды. Сондай ақ 2015 жылдан бері "бизнестегі әйелдер" бағдарламасы аясында, кәсіп бастаймын деген қыз келіншектерге түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Мәселен еуропалық қайта құру және даму банкі өз ісін бастағысы келетіндерге тек несие беріп қана қоймай, консалтингтік қызметтер көрсетуге әзір. Бұдан бөлек бизнесті бастауға батылы жетпегендерге, арнайы шет елден тәжірибелі мамандар шақыртылып олар өздерінің ақыл кеңестерін береді. Қазір әйелдердің басым бөлігі медицина, қызмет көрсету бағыттары бойынша жұмыс жасап келдеді. Шағын және орта бизнесті де мықтап қолға алғандар да жетерлік.

Алма Қасымова, ЕҚҚД банкі шағын бизнесті қолдау бөлімінің менеджері:

"Әйелдер көп жағдайда бизнес пен отбасыларын қатар алып жүре алмаймыз деп уайымдайды. Бірақ істі бастаса қолдау көрсететін ұйымдар мен бағдарламалар жетерлік. Тек алдына нақты мақсат қойса болғаны. Бір істің жанданып кетуіне шамамен 2- жылдан 5 жылға керек."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу