Кәсіпкер Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды

1827

Ол "БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО" компаниялар тобына иелік еткен. 

Кәсіпкер Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды

Forbes тізіміндегі ықпалды кәсіпкер, миллиардер Анатолий Балушкинге неге іздеу жарияланғаны түсініксіз.

Шығыс Қазақстан облысының беделді кәсіпкері, "Бипэк Авто – Азия Авто" компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасына іздеу жарияланғанын ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпарат сервисінен көруге болады.

Сайттағы мәліметке сәйкес, Анатолий Балушкинге тергеуден жасырынған адам ретінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті іздеу жариялаған. Басқа ресми ақпарат жоқ.

Сарапшылардың айтуынша, Анатолий Балушкин дәулеті 150 млн долларға бағаланады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу