Кәсіпкер аз қамтылған азаматтарды тегін оқытып, үздіктерін жұмысқа қабылдайды

1589

Кәсіпкер аз қамтылған азаматтарды тегін оқытып, үздіктерін жұмысқа қабылдайды

Әлеуметтік кәсіпкер, "Green tal" шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздіктерін жұмысқа қабылдайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап 24.kz хабарлады.

"Әлеуметтік жоба аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздік мамандарды жұмысқа қабылдаймыз. Екі жылдың ішінде шамамен 150-ге жуық азаматты оқытып,оның 20-ға жуығын әлеуметтік шеберханаға жұмысқа қабылдадық", – дейді кәсіпкер Эмин Әскеров.

"Green tal" шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды оқытып, үздіктерін жұмысқа алады.

"Сонымен қатар алғаш рет менталды ауытқуы бар азаматтарды оқытуды бастадық. Оның үшеуі тұрақты жұмыс тапты. Жақын күндері тағы біреуі орналасады. Менталды ауытқуы бар 90-нан астам адам жұмыс кезегінде тұр", – деді "Green tal" шеберханасының жетекшісі.

Аталған шеберхана кез келген әлеуметтік аз қамтылған әлсіз топқа жататын азамттарды тегін оқытуға дайын. Үш топтағы мүгедектер, көп балалы аналар, есту және сөйлеу қабылеті төмен және жетімдер үйінің түлектерінің шеберханадан кәсіп меңгеріп, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Шеберxана басшыларымен байланыс орнату үшін: "Green tal" Эмин Аскеров, мекенжай: 187 көше, 21 үй, Green TAL әлеуметтік шеберxанасы. Ұялы тел.: 87770626362. Сайт: greental.kz
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу