Кәсіпкер білім алған мектебіне бір миллион теңгенің сертификатын берді

800

Кәсіпкер білім алған мектебіне бір миллион теңгенің сертификатын берді

Қарабалық ауданындағы Приречное селосындағы мектепке  осы білім ошағын бұрын бітірген кәсіпкер Сәуле Шәуенова түлектердің дәстүрлі кездесуінде бір миллион теңгенің сертификатын әкеліп тапсырды. Осы қомақты қаржыны ол өзінің, отбасының және әкесінің атынан табыс етті, деп хабарлайды egemen.kz.
Сәуле Шәуенова жеңіл өнеркәсіп саласындағы "Ютарияltd" компаниялар тобының негізін салушы және бас директоры. Компания бүгінде тек Қазақстан ғана емес, одан да сырт жерлерге танымал. Ауыл мектебіне мұндай қаржыны жергілікті бюджет бере алмас еді, білім ошағының көптеген мәселесін шешетін бұл көмекке  педагогика ұжымының қуанышында шек болған жоқ.

Бұл білім алған мектебіне түлектің бірінші қолқабысы емес. Былтыр ол мектеп асханасын жиһазбен, асханалық құралдармен толық жабдықтап берген еді. Ұстаздары шәкіртіне  алғысын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу