Кәсіпкер итальяндық ірімшік шығаратын шағын цех ашпақ

1026

Кәсіпкер итальяндық ірімшік шығаратын шағын цех ашпақ

Павлодарда 55 жастағы Базаргүл Омарова ірімшіктің бірнеше түрін шығаратын шағын цех ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Кәсіпкер "Бизнес Бастау" кәсіпкерлік мектебінде онлайн режимі арқылы өз ісін дамытудың қыр-сырын меңгерген. 

"Май ауданының "Құлагер" шаруа қожалығынан сүт сатып алу туралы келісімге келгенбіз, - дейді ол. – Себебі тұтынушыларға ұсынылатын өнім ешбір химиялық қоспасы жоқ, таза болуы тиіс. Ерекше дәм беретін қоспа шөптерді жергілікті дүкендерден аламын. Әзірге үй жағдайында аптасына 20 келідей дайындаймын. Дайындау технологиясын білу үшін интернетке жүгінуге тура келеді. "Моцарелла", "Буратто", "Качотта" (классикалық және зәйтүн шөбімен), "Халлумми" (классикалық және жалбыз қосылған), "Фета", "Маскарпоне", "Филадельфия" және сүзбе әзірлеймін.

Базаргүл Омарова 2004 жылы Өзбекстан елінен қоныс аударып, ұзақ жылдар бойы есепші болып жұмыс істеген. Үш баланың анасы соңғы кездері отбасылық бизнеске бет бұрған.

"Өнімді әлеуметтік желілер арқылы саудалап жатқаныма бір ай болды. Үйге дейін жеткізіп беру тегін. Тұрғындар үлкен қызығушылықпен тапсырыс беріп, өнімнің сапасын жоғары бағалап отыр", - дейді ол.

Еске сала кетейік, Павлодарда жастар бастамаларын дамыту орталығында "Бизнес Бастау" кәсіпкерлік мектебінің филиалы ашылған болатын. Бөлімшенің тұсаукесер рәсімін танымал кәсіпкер Ахметбек Нұрсила өткізіп, табысқа жетудің қыр-сырымен бөліскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу