Кәсіпкер Мұрат Боранбаев ұсталды

552

Бұл ақпаратты ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.  

Кәсіпкер Мұрат Боранбаев ұсталды Фото: tenginews.kz

Мұрат Боранбаев 2024 жылдың желтоқсан айында қолға түскен. Бұған дейін ол аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуге ілініп, халықаралық іздеуде жүрген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Боранбаев М.С.-ты іздеу 2024 жылғы 24 желтоқсанда оның ұсталуына байланысты тоқтатылды", – делінген агенттіктің ресми жауабында.

Айта кетейік, Мұрат Боранбаевқа қатысты іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика органдары порталында 2 жыл пайда болған еді. Іздестіретін орган ретінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті көрсетілген.

БАҚ-та Мұрат Боранбаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы екені айтылып жүр. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар сайтында Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.

Ал, ақылы паркингті май-шелпекке айналдырған A-Parking компаниясының экс-басшылары 2023 жылы сотталды. Сот үкімімен автотұрақ қызметін басқаратын "Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры Марат Пірінбеков 5 жылға, ал сол серіктестікке қарайтын AlanParking компаниясының басшысы Мұхтар Базарбаев 6,5 жылға сотталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу