Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың есімі аталған мәселеге қатысты Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында жауап беріп, әңгіменің нүктесін қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айтбек Амангелдінің айтуынша, бейнежазбада Салтанат пен танымал кәсіпкер Райымбек Баталов екеуін ешнәрсе байланыстырмайды.
Марқұмның ағасы олардың араларында ешнәрсе жоғын нақтылап өтті.
"Мен бұдан басқа қандай түсініктеме, дәлел қажет екенін білмеймін. Шынымды айтсам маған бәрібір. Сот аясында біз бәрін дәлелдедік. Видеоның бұл бөлігі неліктен тікелей эфирде естілмегенін білмеймін. Өйткені біз адамдар Салтанаттың дауысын естуі үшін әдейі осы видеоны тыңдауға қойған болатынбыз. Сондықтан бұл жай ғана – факт. Ол ауру сұрағына жауап алу үшін оны түні бойы азаптады. Мен оның неге Райымбек Баталовқа сонша қызғанышпен қарайтынын білмеймін, түсінбеймін”, – деді Айтбек Амангелді.
Бұдан бөлек ол айыпталушының өзіне қызғануға себеп ойлап тауып, мотив жасағанын атап өтті.
“Кеше маған көптеген адам Салтанатты түсінде көргенін, түс бойынша Салтанат сот залында отырғанын жазды. Олардың айтуынша, осындай түсті біз сотта видеоларды көріп бастағаннан бір түн бұрын бірнеше адам бір уақытта көрген. Түсте Салтанат бүгін жеңіс болатынын айтқан. Айтпақшы, ең басында, менен жауап алған кезде, мен адвокатқа егер Салта қазір тірі болса, сотталушы Салтанатты тіпті адвокаттан қызғанатынын айтқан едім. Бұл сотталушының жеке мәселесі, ауытқушылығы", – деп сөзін түйіндеді Айтбек Амангелді.