Кәсіпкер салықты бірінші рет уақытылы төлемесе тек ескерту алады

955

Кәсіпкер  салықты бірінші рет уақытылы төлемесе тек ескерту алады

Кәсіпкерлерге тағы да жеңілдіктер жасалып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Дәлірек айтқанда, заңсыз алып сату кезінде немесе салықты уақытылы төлемеген жағдайда бірінші жолы тек ескерту беріледі. Ал құқық бұзушылық екінші мәрте тіркелсе - заң алдында жауап береді. Бұл мақсатта 8 заңнамаға өзгерту енгізілді. Құжатты сенат талқыға салды.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, осыдан кейін бизнеске қысым көрсету азая түспек. Сонымен қатар тергеушілер мен судьялардың және адвокаттардың құзыреті артпақшы. Ал жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін жеке тәуелсіз құрылым жасақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу