Кәсіпкер сібір жарасымен ластанған ет өнімдерін сатқан

361

Ластанған ет өнімдерін сатқаны үшін оған айыппұл салынды. 

Кәсіпкер сібір жарасымен ластанған ет өнімдерін сатқан Фото: Inbusiness.kz

"Талас аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жеке кәсіпкер С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.", - делінген Талас аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2023 жылдың тамыз айында ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер сібір жарасымен ластанған етті өткізіп, сол арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай –ақ гигиеналық нормативтерді бұзған, нәтижесінде адам денсаулығына зиян келтірген.

Сотта С. өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен кәсіпкер С. ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 млн. теңгеден астам сомада айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу