Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлердің тауар немесе көрсетілген қызмет үшін тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап ету жағдайлары жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз. Департамент еліміздің "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңында бірнеше төлем тәсілі көрсетілген:
– банк картасы арқылы;
– QR-код арқылы;
– қолма-қол ақша арқылы.
"Кәсіпкерлерге банк карталары арқылы жасалатын төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: бірінші рет – ескерту, қайталанған заң бұзушылық жағдайында – 40 АЕК мөлшерінде айыппұл (157 280 теңге)", – делінген хабарламада.