Кәсіпкер жайылымдық жерді егіс алқабына айналдыру үшін жыртып тастаған

1144

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жайылымдық жерге қатысты дау туды.  

Кәсіпкер жайылымдық жерді егіс алқабына айналдыру үшін жыртып тастаған

Кәсіпкер мен жергілікті тұрғындар жер үшін жанжалдасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтоғайлықтардың айтуынша, жайылымдық жерді меншіктеп алған кәсіпкер оны егіс алқабына айналдыру үшін жыртып тастаған. Салдарынан 3 ауыл мал жаятын жерсіз қалған.

"Мал жаятын жер қалмады. Төрт түлік аштан қырылса кім жауап береді?" – деп ашынды Қожамжар ауылының тұрғыны Дәлел Хайдар.

Аудан басшылығы кәсіпкердің сөзін сөйлеп отыр. Әкімдіктегілердің сөзінше, олар жекеменшікке берілген жерге мал жайылғанын білмеген.

"Заңға қайшы әрекет жасалған жоқ. Халықтың жайылым жоқ дегенін бірінші рет естіп отырмыз, – деді Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Ермек Машрықов.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу