Кәсіпкер Қайыржан Айсин істен шыққан компьютер, теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машиналарын сатып алып, Қазақстан мен Ресей елдеріне қайта өңдеуге өткізеді. Бұл – экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да тиімді жоба. Енді тұрғындар тұрмыстық бұйымдарын полигонға тастамай, ақшаға тапсырады, деп хабарлайды khabar.kz.
Іскер азамат ескі техниканың келісі үшін 5 теңге, ал зейнеткерлерге 10 теңгеден төлейді.
"Бұл – экологиялық жоба. Жарамсыз тұрмыстық техника полигонда жағылады. Ал оның қоршаған ортаға тигізетін зияны оразан зор. Сондықтан осы істі қолға алдық. Ескі бұйымдарды тапсыруға болады. Керек десеңіз, үйіңізден алып кетеміз", - дейді кәсіпкер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу