Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

676

Криминалдық топ өкілін әшкерелеу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция өткізді. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тішісі.

Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

Ақпаратқа сенсек, оқиға тендер мәселесіне қатысты. Қылмыстық топ өкілі кәсіпкерге "госзакуп" рәсімінде жеңіп шығуына көмектесетінін айтып, қомақты қаражат сұраған. Бұл қаражатты астанадағы әлдебір квазимемлекеттік сектордың басшысына пара ретінде беретінін айтқан. 

Қылмыстық топ өкілі, Антикродың арнайы операциясы барысында, 15 миллион теңге алған кезінде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Арнайы операция 25 маусымда іске асырылды.

Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – "ТТ" және "Smith&Wesson" маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді.

Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу