Кәсіпкерден Артспортқа бөлінген ақшаны қайтаруды талап етуде

511

Павлодар облысының спорт басқармасы жеке кәсіпкерден "Артспорт" арқылы бөлінген 3 млн теңгені қайтаруды талап етіп жатыр. 

Кәсіпкерден Артспортқа бөлінген ақшаны қайтаруды талап етуде

Айтуларынша, жеке меншік футбол академиясы бағдарлама талабын бұзған. Алайда, екінші жақ онымен келіспейді. Сол үшін қоғамдық ұйым арқылы құзырлы органға шағымдануда. 

Екібастұздағы жекеменшік балалар футбол академиясында 300-ге жуық жасөспірім тәлім алады. Оның 220-сы "Артспорт" бағдарламасы арқылы тегін жаттығады. Жуырда аудиторлық тексеру өткізген басқарма, академиядағы 20 баланың Екібастұз қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде де тізімде тұрғанын анықтапты. Ал, "Артспорт" ережесінде, тәлімгер бір мезгілде екі мекемеде қатар дайындалуға болмайды.

Ата-аналар да балаларының тек жеке меншік футбол академиясында жаттығатынын растап отыр. Екібастұз қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тізіміне қалай іліккеніне өздері де айран асыр. 

"Менің балам Сансызбай Дидар 12 жаста. 2018 жылдан бастап осы футбольная академия "Санлинға" қатысады. Басқа секцияларға қатыспайды, ДЮСШға бармайды", деді Ата-ана Бақыт Аушайыхова.

Жиырма баланың кейбіреуі бұрын спорт мектебіне барып жүріпті. Бірақ, ол жақтан кеткендеріне жылдан асқан. Соған қарамастан мемлекеттік мекеме оларды тізімнен шығармай, өздерінде жаттығатын тәлімгер ретінде тіркеп қойған. 

"Тізімнен шығармағанда жаңағы балаларды. Неліктен, неліктен бұндай заң бұзушылық? Мысалы бала қатыспады ма олар өздері ДЮСШда бұйырық шығару керек, ол бала олардың секциясына қатыспайтындығы туралы міндетті түрде бұйрық болуы керек. Ондай қағаздардың ешқайсысы жоқ журнал бойынша белгілер қоя берген", дейді "Әділдік жолы" РҚБ ПОФ жетекшісі Нұргүл Қайырденова.

Осы мәселеге қатысты қазір спорт басқармасы да қызметтік тексеру бастаған. 

"Басқарма тарапынан қазіргі кезде ішкі тексеру жүргіземіз осы №1-ші балалар жасөспірім мектебімен. Неліктен бұл тізімдер екі жерде болуы мақсатында. Қазіргі кезде бұл жұмыс атқарылып жатыр", дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Талғат Сәкен.

20 баланың тегін жаттығуы үшін "Артспорт" арқылы бір жылға бөлінген қаражат 3 млн теңге. Оны қайтарса кәсіпкер шығын көрмек. Сол себепті, қоғамдық ұйым облыстық прокуратураға шағым түсірді. 

Есенбек Санатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу