Ол екі сыбайласымен алдын-ала сөз байласу арқылы компаниялар құрып, қазақстандық жұмсақ бидайдың ірі партиясын жеткізіп беремін деп уәде берген, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Қылмыстық қудалау органдары күдіктілердің бірін ізін суытпай ұстады, ал қалған екеуі жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған.
2024 жылдың қазанында іздеуде жүргендердің бірі Германияның Нюрнберг қаласында ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.