Кәсіпкерге төлем негізсіз кешіктірілген

643

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы кәсіпкеге көрсеткен қызметі үшін төленуі тиіс қаражатты негізсіз кешіктеріп келген.

Кәсіпкерге төлем негізсіз кешіктірілген Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы кәсіпкер Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне шағымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық аурухана жеткізілген жанар-жағармай үшін кәсіпкерге 800 мың теңге қарыз болған. Алайда, қаражат екі ай бойы аударылмаған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы мәселе бойынша мекемеге ұсыным жолдады. Нәтижесінде аурухана басшылығы кәсіпкерге берешегін өтеді. 

"Біз кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлеміз. Сондықтан да лауазымды тұлғалардың тарапынан артық бюрократия жасау, кәсіпкерлікке бөгет болу, әкімшілік кедергі тудыру сияқты мәселелермен бетпе-бет келген кәсіп иелерінің арыз-шағымдарын қарастыруға дайынбыз", дейді департамент қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу