Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы астананың кәсіпкерлерімен бірлесіп, аз қамтылған отбасылардың балалары үшін "Балаларға қуаныш" атты науқанды өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
"15 желтоқсан күні аз қамтылған отбасыдан шыққан 50 бала "Mega Silk Way" сауда ойын-сауық орталығындағы "Chaplin" кинотеатрында "Менің сүйікті динозаврым" атты шытырман оқиғалы фильмді тамашалады. Фильмнің соңында балаларға Аяз Атадан жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді",- деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу