Кәсіпкерлер 1 қазаннан бастап онлайн кассалық аппаратқа өтуге тиіс

1600

Алғашқы кезеңде 65 мың бизнесті қамту жоспарланған. Ал 2020 жылға дейін 400 мың кәсіпкерлікті жаңа жүйеге көшіру көзделіп отыр.

Кәсіпкерлер 1 қазаннан бастап онлайн кассалық аппаратқа өтуге тиіс

Еліміздегі кәсіпкерлер 1 қазаннан бастап ескі кассалық аппараттарын онлайн жүйеге ауыстыруға тиіс, деп хабарлайды Atameken business.

Алғашқы кезеңде 65 мың бизнесті қамту жоспарланған. Ал 2020 жылға дейін 400 мың кәсіпкерлікті жаңа жүйеге көшіру көзделіп отыр.

Қазіргі таңда 27 түрлі бизнес өкілдеріне кассалық құрылғыларын жаңарту міндеттелген. Биыл қызмет көрсету саласы қамтылса, келесі жылдан бастап патентті бизнеске де талап қойылады.

Өкінішке орай, бизнесмендер жаңа аппараттарды сатып алуға үлгермей жатыр. Біріншіден, кеденнен өткізу және жеткізуге, салық орындарына тіркеуге уақыт керек. Оның үстіне аппараттардың бағасы 70-80 мың теңгенің төңірегінде. Оны тез арада сатып алуға орта және шағын бизнестің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан, іскер топ өкілдері билік тарапынан уақытты жылжытуды сұрап отыр.

 "Заң бойынша, егер қажет аппаратты қолданбасаңыз, онда  салық өкілдері алдымен ескерту жасап, кейін 15 айлық есептік көрсеткіштеріне айыппұл салады. Бұл 30 мыңнан астам ақша. Енді кәсіпкерлер жүгіріп, аппарат іздеп дүрлігіп жатыр. Сондықтан, біз қаржы министрлігінен 2-3 ай уақыт беріп, айыппұл салмауын сұраймыз", - дейді Республикалық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу