Кәсіпкерлер 1 маусымға дейін касса аппараттарының бағдарламасын қайта орнатуы тиіс

525

Елде онлайн бақылау-касса аппаратын пайдаланатын 1 миллион 10 мың заңды тұлға бар.

Кәсіпкерлер 1 маусымға дейін касса аппараттарының бағдарламасын қайта орнатуы тиіс Фото: zakon.kz

 

1 маусымнан бастап онлайн бақылау-касса аппараттары бұғатталуы мүмкін. Бәрі емес, ескі хаттаманы жаңасына ауыстырмаған құрылғыларға байланысты шектеу. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қазіргі қолданыстағы 1.2.3 нұсқасының орнына 2.0.2 нұсқалы хаттаманы орнату керек деп отыр. Елде онлайн бақылау-касса аппаратын пайдаланатын 1 миллион 10 мың заңды тұлға бар. 70 пайыздан көбі жаңа хаттаманы орнатып алған. Ал 2.0.2 нұсқасына әлі көшпеген 270 мыңдай кәсіпкердің 20 мыңы 1 маусымнан бастап бұғатталады деген хаттаманы пайдаланады екен. Комитет өкілдері, басқа хаттамалармен жұмыс істейтін қалған 250 мың заңды тұлғаға да асығуды ескертті.

"Қазір тек 20 мың бақылау-касса аппаратының желіден ажыратылатыны белгілі болып жатса, 1-ші маусымнан бастап, алдағы уақытта кәсіпкерлер де тездетіп ауысуы қажет осы бағдарламаға", - деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу