Кәсіпкерлер оқушыларға 1 миллион теңгенің керек-жарағын алып берді

1218

Кәсіпкерлер оқушыларға 1 миллион теңгенің керек-жарағын алып берді

Зайсандық кәсіпкерлер "Мектепке жол" акциясы аясында 313 бүлдіршінге бюджеттен тыс құны 1 млн 982 мың теңгені құрайтын материалдық көмек берді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Зайсан ауданы әкімінің ұйымдастыруымен 103 оқушы мектепке қажетті оқу-құралдарымен толық қамтылды. Одан бөлек қыркүйек айында міндетті білім беру қоры арқылы тағы 1091 балаға жалпы сомасы 10 млн 162 мың теңгенің көмегі көрсетілмек.

"Мектепке жол" республикалық акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында әлеуметтік жағынан аз қамтылып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында жылдағы дәстүр бойынша жүзеге асырылуда.

Ағаш өңдеу және жиһаз жасау шеберханасын ашып, халыққа сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан кәсіпкер Равиль Сәбитов толық емес отбасында тәрбиеленген бүлдіршіндерді жаңа оқу жылында керек-жарақтарымен қамтамасыз етті. Жеке кәсіпкерлер А.Қоңырханов, Д.Абжанов, Р.Сәбитовтер 33 бүлдіршінге материалдық көмек көрсетті. Аудандық мешіт өкілдері де 20 оқушыны мектеп қабырғасына дайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу