Кәсіпкерлер қыстық отын алуға ақшасы жоқ аз қамтылған отбасыларға көмек берді, деп хабарлайды otyrar.kz.
Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен қолға алынған игі бастамаға "Саутс Ойл", "Азия Агро Групп", "Омар ата", "Ақжол" ЖШС-мен қатар, ауылдан шыққан бір топ жеке кәсіпкерлер де үлес қосты.
Қараша-желтоқсан айлары аралығында ауданның жекелеген елдімекендері бойынша 163 отбасыға 250 тонна көмір жеткізіп берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу