Кәсіпкерлер "30 игі іс" акциясы аясында ерекше балаларға тәтті таратты. Сыйлықтарды әр отбасыға Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Акция бірлесіп жасалды. Ұсынысты көптеген кәсіпкер қабылдап, кәмпит қораптарын сатып алуды ұйымдастырды. Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері өз кезегінде, сыйлықтарды отбасыларға жеткізді. Шынында да, балалардың көңіл-күйі көтеріліп, қуанды. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің қызметкерлері де игі іске атсалысып, балалар үшін осы бақытты сәттерге себепші
болды", – деді Сарыарқа ауданы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы Ернар Мырзахан.
Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.