Кәсіпкерлер 6,5 млн теңгеге дейінгі салық берешегін кепілдіксіз бөліп төлей алады

275

Көлденең мониторингке қатысушылар үшін де 12 айға дейінгі мерзімге кепілдіксіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. 

Кәсіпкерлер  6,5 млн теңгеге дейінгі салық берешегін кепілдіксіз бөліп төлей алады Фото: baq.kz

1,5 мың АЕК-ке дейінгі берешегі бар салық төлеушілер үшін кепілдіксіз бөліп төлеу қолжетімді болады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа Салық кодексінде маңызды қолдау көзделген. 1,5 мың айлық есептік көрсеткішке (шамамен 6,5 млн теңге) дейінгі берешегі бар салық төлеушілер үшін кепілге мүлік қоймастан және банктен кепілдік алмастан 1 жылға дейін мерзімін кейінге қалдыру бөліп төлеу қолжетімді болады. Бұл бюрократияны азайтуды, кепілді бағалау мен сақтандырудың қажеті болмауын, бөліп төлеуді ресімдеу мерзімдері қысқаруын білдіреді", – деді Мәди Такиев Үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, көлденең мониторингке қатысушылар үшін де 12 айға дейінгі мерзімге кепілсіз және кепілдіксіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі.

"Өндірушілерге өнім өндіруге арналған тауарлар бойынша импортқа қосылған құн салығын төлеуді бір жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі көзделген. Салық төлеушілерге қолайлы болу үшін Қаржы министрлігінің сайтында жаңа Салық кодексі бойынша өзекті "Топ-100 сұрақ-жауап" айдары орналастырылған", – деп атап өтті Қаржы министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу