Кәсіпкерлер Алматы полициясына патруль жүргізу үшін самокаттар ұсынды

Алматы кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы, Полиция департаменті және бизнес-қоғамдастық Алматы қаласы Көлік және логистика кеңесінің "Микромобильділік" бағыты бойынша жұмыс тобының Ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.  

Кәсіпкерлер Алматы полициясына патруль жүргізу үшін самокаттар ұсынды Фото: Inbusiness.kz

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Көлік және логистика кеңесінде самокаттар мен мопедтермен жүру қауіпсіздігін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс айтыды. Жиын модераторы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы басқарушы директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова Алматы азаматтарының микромобильділігі мен жолдардағы қауіпсіздік мәселесінің өзектілігін атап өтті.

Дегенмен қала тұрғындары арасында микромобильді көлік түріне сұраныс артып келеді.

Қазіргі кезде Алматы аумағында электр самокаттарын жалға алу қызметтерін 5 компания ұсынады. Бұл компаниялар 15 мың бірлік электр самокаттарын жалға береді. 

"Jet Sharing" ЖШС директоры Мусалав Әлібеков қазіргі кезде самокаттарға қатысты теріс пікір қалыптасып жатқанын айтты.

"Электро самокаттары тым қауіпті деген теріс пікірлер айтылып жатыр. Бұл қате пікір деп ойлаймын. Электр мобильділік жолдағы жалпы қауіпсіздікті арттыруда. Сондықтан полиция департаментінен бізге жәрдемдесуге, жолдарда қандай жағдай болып жатқаны туралы, қандай жарақат қауіпті, қандай қағидалар барын хабарлап тұруды сұраймыз. Қазір барлық жол-көлік оқиғасына самокаттар жүргізушілер кінәлі деген пікір бар. Шын мәнінде самокат – қауіпсіз көлік. Осындай теріс пікірлер кәсібімізді қиындатады", – Мусалав Әлібеков.

Спикер полицияның электр самокаттар қозғалысын пысықтау мәселесін көтерді. Полиция қызметкерлері велосипед жолымен немесе тротуармен жүрген самокатшыларды да жауапқа тартқаны жайында фактілер бар. Қазір халық арасында ақпарат жетіспейтіні айтылды.

"Біздің қызметкерлер де бұл тізімге ілікті. Олар тротуар және велосипед жолдарымен жүрсе де полицейлер куәлік пен шлемдерді талап еткен. Сондықтан, тексеру жүргізген кезде қағидаларды бұзушыларды мүмкіндігінше анықтау және айыппұл салу үшін емес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істеуді сұраймыз. Қылмыскерлер өте көп", – деп атап өтті Мусалав Әлібеков.

Кикшеринг өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлер тығыз, тиімді және құрылымды ынтымақтастыққа дайын.

"Жол қозғалысы қағидаларын бәріміз сақтауымыз керек. Бірақ егер қабылданған шешімдер бойынша қандай да бір шағымдар болса, біз қарастыруға дайынбыз. Бір жерде полиция қызметкерлері де дұрыс шешім қабылдамауы мүмкін, оны жоққа шығармаймыз. Егер нақты фактілер болса, тиісті шараларды қарастырып, қабылдаймыз", – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Д.Дуанбеков.

"Әр факті бойынша мән-жайды анықтауға дайынбыз. Қалада видеокамералар жеткілікті. Сонымен қатар полицейлер – билік өкілдері екенін және оларды видеоға түсіруге болатынын атап өткен жөн. Сондықтан қандай да бір түсініксіз жағдайда телефоныңыздағы камераны қосып, бәрін түсіріп алыңыз", – деді Алматы қаласы ІІД цифрландыру жөніндегі ПД бастығының орынбасары Ольга Агафонова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу