Кәсіпкерлер астана әкімі Жеңіс Қасымбекпен неге соттаспақ?

387

Астана кәсіпкерлері 2020 жылы қабылданған қаланың дизайн-кодын өзгертуді талап етті.

Кәсіпкерлер астана әкімі Жеңіс Қасымбекпен неге соттаспақ? Фото: Ашық дереккөзден

Елорда көшелерін түрлендіруі тиіс талапта бірізділік жоқ. Жеңіс Қасымбек әкім боп келгеннен бері өзгеріске ұшырап жатқан жарнама маңдайшаларын ауыстыру жұмыстарында біраз заңсыздықтар орын алып жатқан көрінеді. 2 айдан бері шыр-пыр болған бизнесмендерді естуші әкімдік болмаған соң, бүгін олар кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрап келді.

Әкімдік қызметкерлері маңдайшаларды қалай болсын солай шешкен соң қасбеттердің біразы сынған. Кәсіпкерлер палатасына жиналған бизнесмендер мұның бәрін кім ретке келтіреді деп отыр. Ал әкімдік талабы бойынша маңдайшалардың астары болмауы тиіс, болса сол үйдің түсіне сәйкес келуі керек. Нақты талап жоқ. Мысалға, бір кәсіпкердің қала бойынша 10 жерде бизнесі болса, ол 10 түрлі дизайн код жасатып, оны 3 мемлекеттік мекемеде бекітуі тиіс.

Осы уақытқа дейін Астана қаласы бойынша 3000-ға жуық кәсіпкерге дизайн кодты ауыстыру туралы тапсырма берілген. Заң бойынша оларға ең әуелі хабарлама мен 1 ай уақыт берілуі керек. Бірақ кәсіпкерлер әкімдік тарапы мынандай мөрсіз хабарламалар таратып, ескерту алар алмастан бір аптаның ішінде маңдайшаны өздері алып тастайды екен.

Осылайша, Астана кәсіпкерлерін шулатқан дизайн код әуелде неге ретсіз жасалды деген сауалды "Астана жарнама" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Асылбек Сабырқұловқа да қойдық. Бірақ мардымды жауап ала алмадық.

Ал әкімдік өкілінің жиында айтылған мәліметіне сүйенсек, Астанадағы жарнаманың 80 пайызы жауапты органмен бекітілмей жасалған екен. Бұдан бөлек, кейбірі тілге қатысты талаптарды орындамайтын көрінеді. Тіл басқармасының басышысы "Тіл туралы" заңының талаптары бұзылды деген күніне 50-ге жуық шағым келіп түсетінін айтты. Бірақ мұндай бұзушылық үшін айыппұл салынбайтындықтан, бизнес өкілдері жауапкершілік танытпайтын көрінеді. Ал әзірге әкімдік тарапынан қысым көрдік деген кәсіпкерлер Жеңіс Қасымбек бастаған шенеуніктерді сотқа бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу