Кәсіпкерлер ATAMEKEN BUSINESS-тен ақпараттық қолдау сұрауда

882

ATAMEKEN BUSINESS іске қосқан кәсіпкерлерді қолдау шарасы да коронавирус пандемиясы салдарынан көптеген бизнесмен қиындыққа тап болғанын көрсетуде.  

Кәсіпкерлер ATAMEKEN BUSINESS-тен ақпараттық қолдау сұрауда

Кәсіпкерлер ATAMEKEN BUSINESS-тен ақпараттық қолдау сұрауда, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың басым көпшілігі карантиннің кесірінен жұмыстары тоқтап, кіріс болмай жатқанын және несие мен  жалға алу құнын төлей алмай жатқандарын айтады. Әсіресе шағын компаниядардың жағдайы мүшкіл. Осыған байланысты кейбір кәсіпкерлер арнамызға хабарласып, қиын жағдайда шағын және орта бизнесті тығырықтан шығу жолдарын ұсынуда.  Ал бұл пікірлерді жақын арада біз арнайы бағдарлама жасап назарларыңызға ұсынамыз. Осыдан кейін жауапты органдар оны ескеріп, тиісті шешім қабылдайды деген үміттеміз.

Айта кетейік, Atameken bussiness медиахолдингі  өтініш қабылдауды жалғастыруда. Сонымен қатар, карантин кезінде қиындыққа тап болған компанияларға ақпараттық қолдауды тегін көрсетеді. Өтініштерді media айқұлақ inbusiness.kz  электронды поштасына жібере аласыздар.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу