Кәсіпкерлер азық-түлік бағасын 60 % дейін қымбаттатқан

693

Атыраулық кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бірнеше есе аспандатқан. 

Кәсіпкерлер азық-түлік бағасын 60 % дейін қымбаттатқан Фото: inbusiness.kz

Бизнес иелері 1 мың 680 теңгелік сары майды 2 мың 690, ал 45 теңге тұратын тұзды 75 теңгеге сатқан. Сүт пен тауық етінің құнын, тіптен, 60% көтеріпті. Заңсыздықты әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия анықтады. Бас-аяғы 5 кәсіпкер жәй ғана ескертумен құтылған. Қазір тауар құнын 15 пайызға дейін түсіру бойынша жұмысты қолға алған көрінеді. Саудамен нәпақа тауып отырғандар ырыққа көнбесе 1 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді. Айта кетейік, азық-түлік бағасын бақылайтын бұл комиссия өткен жылы құрылған. Құрамында 14 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері бар.

"Егерде бұл кәсіпкерлер 15 пайыздан асыратын болса, әлеуметтік тауарларға, заң аясында 10 мрп-дан, яғни 35  мың теңгеден, ірі кәсіпкер болса  1 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді. Әрине бұл құқықбұзушылық анықталған жағдайда. Осындай бұзушылықтарды жібермеу үшін, түсіндіру жұмыстары жүргізіп жатыр", дейді Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу