Кәсіпкерлер бірыңғай форма кие бастады

811

Кәсіпкерлер бірыңғай форма кие бастады

"Көше саудасы 1000 орын" бағдарламасы аясында елорда кәсіпкерлері бірыңғай форма киюге көшті, деп хабарлайды Астана әкімдігі медиа орталығы. 

1 шілдеде Есілдің жағасындағы 15 жеке кәсіпкерге жаңа формалары табысталды. Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен "Сарыарқа"ӘКК өкілдерінің айтуынша, жыл соңына дейін қалада аталмыш бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлердің барлығы бірыңғай формаға көшеді. 

Жоба жетекшілері бірыңғай форманың бірнеше ерекшелігін атап берді. Ол біріншіден, ашық сары және қара түсті. Сондай-ақ оған "Көше саудасы – 1000 орын" бағдарламасының логотипі белгіленген. Оған қоса 100 пайыз отандық өнім. Ең бастысы енді тұтынушылар аталған формаға қарап заң аясында жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлер мен рұқсатсыз жабайы саудагерлердің ажырата алатын болады. 

"Бірыңғай форма кәсіпкерлердің өз ұсыныстарының жетістігі. Астанадағы кәсіпкерлік пен қызмет сапасын арттыру мақсатында қолға алынған бастама. Бүгін Есіл өзенінің жағасында жұмыс істейтін кәйпкерлерге жаңа формаларын табыстадық. Алдағы уақытта кезең-кезеңмен "Көше саудасы 1000 орын бағдарламасы" шеңберінде жұмыс істейтін қаланың барлық кәсіпкерлерін жаңа формаға көшіреміз", - деді жоба жетекшісі Сәкен Әділбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу