Мұндай болжамды Қостанайлық бизнес өкілдері мәлімдеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бәріне себеп аяқ киім таңбалау жүйесінің әлі де жетілмеуінде. Өйткені өзгеріс енгелі 2 айда, жүздеген кәсіпкер жүйені меңгермеген. Іскерлер бұған тәжірибенің аздығы мен қаржы қолбайлау дейді.
Кәсіпкерлер қосымша шығын тауар құнына әсер етпей қоймайды деп отыр. Әзірге сөредегі аяқ киім бағасы өспей тұр. Өйткені таңбалау жүйесіне іскерлердің дені көше қоймапты. Өзгеріске өтсе, тауар құны 30 пайызға қымбаттайды. Таңбалау дәл бөлшек сауда иелеріне міндеттелгеніне бизнесмендер наразы. Өйткені тауардың 96 пайызы шеттен көтерме сауда делдалдары арқылы жеткізіледі дейді.
Бизнес иелері таңбалаудан соң, шаһардағы жүн киімдерін сатқан 11 кәсіпкерден тек 1-і ғана қалғанын мысал етеді.