Кәсіпкерлер бюрократияның азайғанын сезінуі тиіс – Президент

Мемлекет басшысы бизнеспен бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайтуға күш салатынын айтты. 

Кәсіпкерлер бюрократияның азайғанын сезінуі тиіс – Президент Фото: Ақорда

Қазірдің өзінде бәсекелестік ортаға берілетін 500-ге жуық нысанның тізімі жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бұл кәсіпкерлерге өз пайдасын тигізеді. Мұны сарапшылар да қолдайды. 

– Экономиканы сапалы дамыту үшін реформаларды жалғастыру керек. Ең алдымен, экономиканың тиімділігі мен әлеуетін арттыру – басты мақсат.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий жарияланды. Бәсекелестік ортаға берілетін 473 нысанның тізімі жасалды. Сарапшылардың есебі бойынша, бұл кәсіпкерлерге шамамен 3,5 триллион теңге пайда табуға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы. 

Ел Президенті Үкімет пен қадағалаушы органдарға бірқатар міндет те жүктеді. 

– Алдымызда бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайту міндеті тұр. Бұған дейін заңнаманы түгел тексеріп, оны жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатынмын. Ол үшін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жанынан Интеллект арқылы реттеу орталығы құрылады, Міндетті талаптар тізімі енгізіледі.

Сондықтан, Үкімет пен бизнес-қоғамдықтың үйлесімді әрекет етуін, әсіресе, цифрлық ықпалдастықты күшейту керек. Кәсіпкерлер бюрократияның азайғанын сезінуге тиіс, яғни бұл өткеннің еншісінде қалуы керек. Үкімет пен қадағалаушы органдарға осындай міндет жүктеймін. Бағаның еркін нарық талаптарына сай қалыптасуы, мемлекет иелігінен жаппай шығару және икемді реттеу саясаты – экономиканың табысты трансформациясының кепілі, – деді ол.

Осыған дейін Қазақстан өнімдері 140 мемлекетке шығарылатыны хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу