Атырау қаласының бизнесмендері өңірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына газ тасымалдаушыларға қатысты шағым түсірді. Жергілікті кәсіп иелерін табиғи газға алдын ала толықтай төлем жасау жайы және жаз уақыттарында газ қазандықтарын ретке келтіру мәселесі алаңдатады. Бұл жылда қайталанатын үрдіс. Проблема шешілмеген күйі қалуда. Ал уақыт өткен сайын, кәсіпкерлер тарапынан шағым көбейюде. Негізі монополист алдын ала төлемді заңды тұлғалардан алуы тиіс. Себебі, табиғи газ доллармен "ТеңізШевройлдан" алынады. Ал, кәсіпкерлер көрсетілмеген қызмет үшін төлем жасауға қарсы. Есептесуден бас тартқан үшін монополист газ беруді тоқтатуға мәжбүр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу