Кәсіпкерлер коммуналдық монополистерге шағымдануда

645

Кәсіпкерлер коммуналдық монополистерге шағымдануда

Астаналық  кәсіпкерлер коммуналдық монополистердің шамадан тыс айыппұлдарына  шағымданды. Олар су жабдықтау мен энергетика қызметіндегі есептеу әдістемелері ескірген дейді. Мәселен, "Астанаэнергосбыт" мекемесі есептегіш құралдағы пломбаның үзілгені үшін мейрамхана иесіне 10 млн теңге айыппұл салған. Ал, кәсіпкер болса  бір айда 217 мың теңгенің электр қуатын пайдаланғанын айтады. Келесі бір дерек тіпті ақылға сыйымсыз.  "Астана су арнасы" қаладағы  "Марден" бизнес орталығына суды 37 күн пломбасыз пайдаланғаны үшін бірден 28 миллион теңгеден аса айыппұл салған. Жауапты мекеме пломбаны кімнің бұзғанына  ешқандай терсерісте жүргізбеді, - дейді кәсіпкер.  Оның үстіне, бұл фактіні  дұрыс рәсімдемеген көрінеді.

Жұлдыз Кәкенов, Кәсіпкер - "Мен суға ай сайын 160-200 мың теңге төлеймін. Енді, 28 миллион теңге айыппұл жазып беріп отыр. Біз барлық крандарды ашып, суды ағызып қойсақ та, ондай ақша шықпайды. Сосын пломбаны бұзған кімге тиімді? Мысалы, маған тиімсіз. Мен үшін айына 200 мың теңге төлеп отырған дұрыс емес пе? Мен сотқа шағымдандым. Ақырында жеңіп, айыппұлдан босатылдым"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу