Кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы күреске өз үлестерін қосуда

994

Бизнесмендер медициналық қызметкерлердің пайдалануына бірнеше ғимарат бермек.

Кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы күреске өз үлестерін қосуда

Белгілі кәсіпкерлер Қайрат Боранбаев пен Мұрат Сәрсенбаев ел ішін жайлаған індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек қолын созуда. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов мәлім етті.

Оның айтуынша, Қайрат Жомартұлы "Қызылорда" қонақ үйін, ал Мұрат Абайұлы әуежай маңындағы ғимаратты уақытша медициналық нысан ретінде пайдалануға бермек. Ғалымбек Жақсылықовқа жазған жазған хабарламасында танымал кәсіпкерлер әуежай маңындағы қонақ үй кешенінің үш ғимаратын медициналық қызметкерлердің пайдалануына және ауруға күдікті адамдарды оқшаулауға беруге дайын екенін айтқан.

"Бұған дейін Ділмұхамед Абызов, Аида Керімқұлова сынды кәсіпкерлер халыққа тегін маска таратып, өңір тұрғындарына моральдық қолдау көрсеткен болатын", – деп жазды Ғалымбек Жақсылықов әлеуметтік желіде.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу