Кәсіпкерлер құрылыс материалдарын сату кезінде жаңа талапты орындауы керек

1619

Бұл жұмыстар тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу пилоттық жобасы аясында жүргізіледі. 

Кәсіпкерлер құрылыс материалдарын сату кезінде жаңа талапты орындауы керек

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап кәсіпкерлер құрылыс материалдарын сату кезінде ТІЖ ресімдеу және виртуалды қойма модулін қолдануы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның қағидаларына сәйкес 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап құрылыс материалдарын сату кезінде ТІЖ ресімдеу және виртуалды қойма модулін қолдануы шарт.
ТІЖ ресімдеу кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда "тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" 32-жолда NON SNT көрсете отырып, ТІЖ-сіз ЭШФ жазып беру мүмкіндігі қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, пилоттық жобаның мақсаты – салық төлеушілерге ТІЖ-ны қолдануға дайындалу мүмкіндігін беру. Пилоттық жоба кезеңінде ТІЖ уақтылы ресімдемегені үшін әкімшілік жауапкершілік тарту қарастырылмаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу