Айтуларынша, жергілікті мәдениет басқармасындағылар құжатта көрсетілмеген талап қойған. Жауаптылар әу баста қос бірдей үйірмеге жазылған баланы, бір үйірмеден алып тастаңдар деген. Министрлік бұйрығын көзбен көрмеген бизнес иелері бұған түбегейлі қарсы.
Екі жыл бұрын енгізілген "Артспорт" бағдарламасының аясында жергілікті бүлдіршіндер тегін үйірмеге қос қостан жазылды. Әлі күнге дейін жобаның пайдасын көріп жүр. Ал биылдан бастап мәдениет басқармасындағылар кәсіпкерлерге құжатта жоқ, жаңа өзгеріс енгізіпті. "Даму бала" платформасына ауысқаннан бері бизнес иелері екі үйірмеге барып жүргендердің бәрін біреуінен шектеу керек екен. Бірақ министрліктен тиісті құжат болмағасын, кәсіпкерлер оған келіспей отыр. Қатарында 300 балаға қызмет ұсынып отырған Меруерт Құсайынова да бар.
"Бізге бастаңдар деп айтты. Екі ваучер жұмыстарыңды жасай беріңдер.Список бойынша аламыз, сол бойынша тіркейміз.Содан кейін ары қарай платформа жұмысын алып кетеміз деді. Өзімде 9-10 адам бар. Барлығының жалақысы, жалға алу төлемі бар Оның бәрі шығын", дейді Кәсіпкер Меруерт Құсайынова.
Бұл базыналарын айтып жиылғандардың жалғыз проблемасы емес. Үкімет соңғы екі айда кәсіпкерлерге тиесілі жалақыны да беруден қалған. Соған наразы 30 кәсіпкер мәселенің тез арада шешілгенін қалайды.
Облыстық мәдениет басқармасындағылардың да қолдары байлаулы. Платформа өзгергеннен бері механизм да мың құбылған. Сол себепті кәсіпкерлердің ақшасын өтеп бере алмаймыз деп қысқа қайырды.