Кәсіпкерлер Қытай шекарасының жабылуынан 170 млрд теңге шығын шекті

974

Қазақстандық бизнес Қытаймен арадағы шекараның жабылуына байланысты 170 млрд теңгеден айырылды, деп хабарлайды Atameken Business.      

Кәсіпкерлер Қытай шекарасының жабылуынан 170 млрд теңге шығын шекті

Депутат Дания Еспаеваның айтуынша, Қытай билігі "Қорғас-Алтынкөл" және "Алашанькоу-Достық" өткелдері арқылы Қазақстанға теміржол рейстерін уақытша тоқтатқан. Соның салдарынан қазақ-қытай шекарасында 5 мыңға жуық тауар контейнері тұралап тұр. Бұрын тасымалданатын заттар, шамамен 25 күнде жетсе, қазір оның мерзімі - белгісіз. Бір қызығы, Қытайдан транзит Қазақстан үшін ғана шектелген. Еліміздің теміржол қатынасы уақытша тоқтатылғанына қарамастан, дәл сол Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға транзит  ашық. Айта кететін тағы бір жәйт, көрші мемлекеттің құрлықтық бөлігінен біздің елімізге теміржолмен бір контейнерді тасымалдау құны бір жылда 4-5 есе өссе, автотасымал 5-6 есеге ұлғайған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу