Кәсіпкерлер міндетті төлемдерден босатылды

677

Экспорттық акселлерация бағдарламасы іске қосылады.

Кәсіпкерлер міндетті төлемдерден босатылды

Пандемияның салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері жалақы төлеу қорынан зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына жыл соңына дейін төлем аудармайды. 
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың сөзінше, 
үкіметтің қаржы-экономикалық блогының жұмысы шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсету бойынша жүргізіледі. ШОБ-тың қолданыстағы кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады.

Судсидиялау төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бергі 12 айлық кезеңді жабады. 

"Бизнес ахуалды жақсарту үшін кешенді шаралар қабылданады. Бұл тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру, барлық реттеушілік талаптарды тексеруді және оларды қысқартуды қамтиды. Кәсіпкерлік кодексін бекіте отырып, реттеушілік апелляция институтын енгізу бойынша шаралар дайындалып жатыр. ШОБ субъектілері осы жылдың соңына дейін республикалық және коммуналдық меншік нысандары бойынша жалға алу төлемін төлеуден босатылады. Мұндай шара квазимемлекеттік нысандарға да қолданылады. Зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері жалақы төлеу қорынан зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына төлем аударудан жыл соңына дейін босатылады. Орта шикізаттық емес кәсіпорындарға бағдарланған экспорттық акселлерация бағдарламасы іске қосылады. Кәсіпкерлікті қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлініп, жеңілдетілген мөлшерлемемен айналым қаражатын несиелендіру көлемі 800 млрд теңге жеткізіледі. Бұл бағдарлама 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесін 35% дейін арттыру және бұл салада жұмыспен қамтылғандар санының 4 млн адамға дейін жеткізу тапсырмасын орындауға септігін тигізеді", – деді Әлихан Смайылов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу