Кәсіпкерлер мониторинг топтардың шағын бизнесті тексеруін талап етуде

979

Мониторинг топтардың шағын бизнесті тексеруін тоқтатуын талап етеміз! Қостанай облысының кәсіпкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа осындай  үндеу жолдады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Кәсіпкерлер мониторинг топтардың шағын бизнесті тексеруін талап етуде

Өйткені соңғы уақытта карантиндік шектеулерді қадағалаушылар үстінен шағым айтушылар көбейген. Санитарлық нормаларды сақтасақ та, әкімшілік жауапкершілікке тартыламыз дейді жеке кәсіпкерлер. Мониторинг топтардың басты мақсаты түсінік жұмыстарын жүргізу. Ал, олардың бүгінде көздегені тек айыппұл салу ғана дейді. Бір сауда орынына бір күнде бірнеше мәрте тексерушілер келетін жәйттер де баршылық.

Азық-түлік түлік дүкендері сағат кешкі тоғызға дейін жұмыс істейді. Тоғыздан соң тазалық, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Бірақ, тексерушілер мұны карантиндік талаптарды сақтамау деп есептейді. Осыған орай, шағын дүкендерге де 600 мың теңгеден астам айыппұл салған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу