Кәсіпкерлер негізсіз тексерістерге тап болды

499

Қарағандылық бір топ кәсіпкер негізсіз тексерістер жиілеп кеткенін айтып, арнамызға шағымданды. 

Кәсіпкерлер негізсіз тексерістерге тап болды

Айтуларынша, үш айдан бері дүкендеріне бейтаныс біреулер келіп, бизнес өкілдерін қыспаққа алумен келеді. 

Жиналған дүкен иелерінің бәрі негізссіз тексерістерден қажыған. Желтоқсан айынан бері бейтаныс біреулер үйлердің маңындағы сауда орындарын тексеріп, сатушыларды үркітіп, қорқытқан. 

Мороторий осы жылдың аяғына дейін жалғасқанымен, қыспаққа алып тексеріс жүргізгендер жиілеп кеткен. Кәсіпкерлердің айтуынша, тіптен арақты алып оны төгуге дейін мәжбүрлейді екен

Ал, "бизнес өкілдерін жөн-жосықсыз тексеруге мемлекеттік ұйымдардың да хақы жоқ" деген өңірлік кәсіпкерлер палатасы заңды белшеден басқандарды анықтау үшін тексеріс ашыпты.

"Кәсіпкерлерден түскен сұрақтар бойынша прокуратура органдары тексеріс бастады. Бізге өйткені бейтаныс қазіргі уақытта осындай  фактілер жиілеп кетпеу үшін, бір жағынан заң түрінен қандай  тосқауыл қоюға жұмыс жасап жатырмыз", дейді Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлхайдар Асқаров. 

Мороторийді пысқырмағандар былтыр облыс бойынша 14 кәсіпкерді негізсіз тексеріп, 350 млн теңге көлемінде айыппұл салған. Осылай деген прокуратура өкілдері бұл жағдайға қатысты тиісті тергеуді бастап кетті. Оның нәтижесі жайлы алдағы уақытта жария етіледі, дейді құқық қорғау өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу