Кәсіпкерлер несие ала алмай жүр

1141

Кәсіпкерлер несие ала алмай жүр

Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие ала алмай жүр. Мемлекет қаржысына қолы жетпеген қожалық иелері шаруамыз әбден шатқаяқтады деп налиды. Басты себеп, несие беретін қорда қызметкерлері жетіспейді, ал бар маманның өзі тәжірибесіз. Қанша құжат жинасада, қаражатқа қол жеткізе алмай жүрген шаруалар ақыры БАҚ өкілдеріне шағымданды. Айтуларынша, соңғы жарты жылдан бері несие беретін қордың табалдырығын тоздырып жүр. Барлығы мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіптен нәсіп көреміз деп үміттенумен жүргендер. Қор филиалының өкілдері несиенің уақытында берілмеуін жоққа шығармайды. Оның екі себебі бар көрінеді. Халық арасында мемлекеттік бағдарлама дұрыс түсіндірілмеген. Ал, екінші себебі, қызмет көрсетіп отырған жас мамандардың тәжірибесі аз дейді. Қазір облыста тиісті несиесін ала алмай жүрген кәсіпкерлердің саны 100-ден асады.

Қайратқан Қаржаубай, кәсіпкер: "Шынымызды айтсақ, біз мына қағазбен таусылдық.Бізбенбірге аудан, огруг әкімі жұмыс істеп жатыр. Ол кісілерде ешқандай кінә жоқ.Басты кінә осы жұмыс орнында деп отырмыз".

ҒалымжанТаубаев, "Ауыл шаруашылығын қолдау қоры" АҚ филиал директоры: "Жемқорлыққа қарсы тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сол себепті жақсы мамандар жұмыстан шығып кеткен.Жаңадан келген мамандар тез арада өтініштерді қарай алмайды, оны мойындаймыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу