Кәсіпкерлер Нұр-Сұлтанда бірқатар кәсіпорындар жұмысын жандандыруды ұсынды

686

Ашық диалог барысында кәсіпкерлер кәсіпорындардың жұмысын біртіндеп қалпына келтіру бойынша өз ұсыныстарын айтты.  

Кәсіпкерлер Нұр-Сұлтанда бірқатар кәсіпорындар жұмысын жандандыруды ұсынды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бизнес, мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және банк өкілдерімен онлайн-конференция өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мәселен, тұрмыстық техниканы сататын дүкендерді ашу туралы ұсыныс айтылды.

Тұрғындарда тоңазытқыш, салқындатқыш, плита және т. б. сатып алу қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарын барынша онлайн режимге көшіріп, ашу ұсынылды. Онлайн-конференцияға қатысушылар онлайн-сервистерді дамыту мен мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа барынша көшіру қажеттігін атап өтті. "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ұсыныстар ескерілетіндігін айтты. Кәсіпкерлердің ұсыныстары Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу