Кәсіпкерлер пандемия кезінде несие төлемдерін тоқтатуды талап етуде

1088

Әсересе туристік агенттіктер, қонақүйлер, мейрамханалар және жеке балабақшалар мен білім беру орталықтары карантиндік шектеулер кезінде шығынға белшесінен батты.

Кәсіпкерлер пандемия кезінде несие төлемдерін тоқтатуды талап етуде

Пандемия біткенше барлық несие төлемдері тоқтатылсын. Қызылордалық кәсіпкерлер Үкіметке осындай талап арыз жолдады, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың сөзінше  несиені кейінге шегеру – құрдымға кеткелі тұрған бизнесті құтқарады. Қазір әсересе туристік  агенттіктер, қонақүйлер, мейрамханалар және жеке балабақшалар мен білім беру орталықтары карантиндік шектеулер кезінде шығынға белшесінен батты. Бизнес өкілдерінің мәлімдеуінше, егер бұлай жалғаса берсе, тіпті кейбір кәсіп түрі көзден ғайып болуы да ғажап емес.  Осы уақытқа дейін аймақта 8 мың кәсіпкер кредиттік төлемдерді кейінге шегеруге  рұқсат алған. Алайда,  бұл да тығырықтан шығар жол болмай тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу