Алматы қаласы прокуратурасы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс кездесуінде "Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ" жобасы таныстырылды.
Осы жобаның көмегімен кәсіпкердің құқығы бұзылған жағдайда, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері орын алса, кәсіпкер QR-кодты қолдану арқылы Алматы прокуратурасының бизнестің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топқа жүгіне алады.
Жобаны Медеу ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Төлендинов таныстырды.
Мәселен, прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің барлық объектіне арнайы QR-кодты береді.
Мысалы, дүкендер, базарлар, дәріханалар, сұлулық салондары, фитнес орталықтары, кеңселер және кәсіпкерлердің кез-келген нысаны.
"Жобаның жұмысы келесідей, бизнес иесі кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу туралы хабарлау үшін QR-кодты сканерлейді, бұдан әрі заңсыз араласу фактілері туралы қысқаша ақпаратты баяндайды. Егер бар болса, фотосуреттер мен видео материалдарды қоса жібереді. Әрі қарай Прокуратура ақпаратты сигнал бойынша 30 минут ішінде бағалайды және қажет болған жағдайда сигнал түскен объектіге барып жедел әрекет етеді", – деді прокуратура өкілі.
Кәсіпкерлерден түскен барлық хабарлама қала прокуратурасының дерекқорына түседі және аудандар бойынша топтастырылады. Кейіннен бұл ақпарат прокуратура мен кәсіпкерлер палатасына сигналдарды талдауға және қаланың жүйелік проблемаларының тізілімін қалыптастыруға көмектеседі.
Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар "Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ" жобасының жұмысына қатысты сұрақтар қойды.
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тайымбетов аталған жобадағы палата мен прокуратураның бірлескен жұмысы туралы хабарлады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шағын бизнесті тексеру жөніндегі мораторийді 2024 жылға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойғанына қарамастан, мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексеру жүргізу фактілері бойынша кәсіпкерлерден өтініштер әлі де келіп түсетінін еске салды.
Жиынның екінші бөлімі бизнес қоғамдастықтың нақты мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылау, қала прокуратурасының араласуын талап ететін түйткілді мәселелерді анықтауға бағытталған.
Прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының осы бағыттағы бірлескен жұмысы туралы Алматы қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Данияр Ысқақов пен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау жөніндегі сарапшысы Тимур Зейнешев қысқаша баяндама жасады.
"Бизнесті қорғау желісі бойынша 2022 жылы палатаға кәсіпкерлер тарапынан 462 өтініш түсті. Өтініштердің құрылымын талдау 2022 жылы бизнесте сұрақтар туындаған негізгі мәселелерді анықтайды. Атап айтқанда, салықтық және кедендік әкімшілендіру – 11,9%, жер мәселелері – 24 5,2% және мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдар – 36 (7,8%). 2022 жылы өтініштердің көп саны төтенше жағдай режимін енгізумен байланысты, шамамен 12,7%. Өткен жылы қала прокуратурасымен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық қудалауға негізсіз тарту анықтау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Осылайша, құқық қорғау органдарының қызметінде қылмыстық қудалау желісі бойынша кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу бөлігінде тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде, 2022 жылы қала прокуратурасы 21 қылмыстық істі өз бетінше тоқтатты, 51 істі тергеу органының өзі тоқтатты. Бұл қылмыстық істер заңсыз тергелді, кәсіпкерлердің құқығы өрескел бұзылды. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі", – деді Тимур Зейнешев.