5 маусым күні Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Санкт-Петербург сауда-өндіріс палатасымен бірлесе отырып, Санкт-Петербург қаласында ресми сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.
Іс-шараның негізгі мақсаты ықтимал серіктестерді іздеу, екі өңір ынтымақтастығын арттыру және қазақстандық кәсіпорындар мен ықтимал ресейлік сатып алушылардың кәсіби қарым-қатынасын дамыту.
Сауда-экономикалық миссия барысында отандық кәсіпорындардың ұсынысы негізінде қазақстандық мекемелер үшін ықтимал сатып алушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
Айта кету керек, қазақстандық компаниялар тағам өндірісі, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық құрал-жабдық пен химиялық өнімдер саласында өз мүмкіндіктерін ұсынады.